×
502.83
545.37
5.95
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
502.83
545.37
5.95

Қошқарды 100 рет көтерген қыз абсолют чемпион атанды

23.03.2025, 13:50
Қошқарды 100 рет көтерген қыз абсолют чемпион атанды
ШҚО әкімдігі

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылған қой көтеру сайысында өскемендік Айым Нұржанқызы жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Өскеменнің орталық алаңында мерекенің сәнін келтірген арқан тарту, асық ату, бағанаға өрмелеу, тоғызқұмалақ, қой көтеру сынды ұлттық ойындар өткізілді. Солардың ішінде шын мықтыларды анықтайтын қой көтеру сайысына қатысушылар қарасы көп болды. Ер азаматтармен бірге додаға түсіп, қошқарды 100 рет көтерген қазақтың қарапайым келіні Айым Нұржанқызы жарыстың абсолют чемпионы атанды.   

Бұл көріністі тамашалаған көпшілік қауым “Қазақтың қыздары мықты!”, “Алыптарды дүниеге әкелетін аналар ғой”, “Жарайсың қызым, талабыңа нұр жаусыз!” деген сыңайда қолпаштау сөздерін айтып жатты.