×
503.42
542.08
6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
503.42
542.08
6

«Есікті жұлып алды»: Көкшетауда қолы қанға боялған ер адам мектепке кіріп кетті

24.03.2025, 11:10
«Есікті жұлып алды»: Көкшетауда қолы қанға боялған ер адам мектепке кіріп кетті
Pexels.com

Көкшетаудағы мектептердің біріне қолы қанға боялған ер адам кіріп кетті. Полицияның мәліметінше, ол есірткі қолданған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 

МӘН-ЖАЙЫ

Мектепке кіргісі келген ер адам туралы ақпарат әлеуметтік желілерде таралды. Көкшетау қалалық білім бөлімі Ulysmedia тілшісіне бұл оқиға 23 наурыз күні сағат 14.10-да болғанын хабарлады.

«ЭКОС» №13 мектеп-гимназия аумағына ақыл-есі біртүрлі бейтаныс адам кіріп кетті. Ол негізгі корпустың терезесін сындырып, ішке кірмек болды. Бірақ кіре алмады. Содан соң қанға боялған қолымен негізгі корпусқа қарай беттеді, ол жерде жабық тұрған есікті жұлып алып, турникеттен секіріп, ғимаратқа кірді, - деп жазылған жауапта.

Күзетші дереу жедел әрекет ету тобын шақырды. Тәртіп бұзушы ұсталды. Мектеп әкімшілігі полицияға арыз жазды, ешкім зардап шеккен жоқ.

ПОЛИЦИЯНЫҢ ЖАУАБЫ

Ақмола облысының ПД құқық бұзушының ұсталғанын растады. Медициналық тексеру нәтижелері бойынша оның есірткіге мас болғаны анықталды. Ол ҚР ӘҚБК-нің 440-1-бабы (есірткі құралдарын, оларға ұқсас психотропты заттарды, сондай-ақ күшті әсер ететін заттарды медициналық мақсаттан бөлек тұтыну) бойынша жауапкершілікке тартылды.