Ақтөбеде полицей өлі табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Бұл ақпаратты Ақтөбе облысының полиция департаменті растады.
Полицей өз үйінде өлі табылған. Ол қаладағы Алтын орда ауданында тұрған.
Полиция департаментінің мәліметінше, полицейдің денесінде зорлық-зомбылық белгілері болмаған.
Ол операциядан кейін емделіп жүрген.
ҚАРАҒАНДЫ
Еске салайық, 14 наурызда қарағандылық полицей оқу-жаттығу кезінде мерт болған. Бұл туралы ішкі істер министрі Ержан Сәденов хабарлады.
Оқиға орнына министрдің орынбасарының басшылығымен комиссия жіберілді.