×
503.42
542.08
6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
503.42
542.08
6

Ресейліктерге қазақстандық ЖСН берілген: билік тексеріске кірісті

Ресейліктерге қазақстандық ЖСН берілген: билік тексеріске кірісті
Ulysmedia.kz коллажы

Қазақстан билігі шетелдіктерге жеке сәйкестендіру нөмірлерін (ЖСН) беру мәселесіне қатысты тексеру шараларын бастады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ресей Федерациясының азаматтары жаппай ЖСН-дерінің күшін жойғанына шағымдана бастаған болатын. ІІМ көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Аслан Аталықов шетел азаматы екі жағдайда ЖСН-нен айырылуы мүмкін екенін айтты. Біріншісі – егер ол Қазақстаннан кетіп қалған болса, екіншісі - ЖСН-ді бастапқыда рәсімдеу барысында заң бұзушылықтармен берілген болса.

— Заңнамаға сәйкес, егер ЖСН беруді рәсімдеу кезінде қателіктер болса, уәкілетті органның өтініші негізінде ол кейіннен күшін жояды. Сондай-ақ, Ресей Федерациясының азаматы Қазақстаннан кетіп, ел аумағында болмаған жағдайда да ЖСН жойылуы мүмкін. ЖСН шартты түрде алып тастау деген ұғым бар. ЖСН мемлекеттік қызметтерді алу және банк карталарын рәсімдеу үшін қажет. Егер адам Қазақстанда тұрмайтын болса, оған ЖСН керек емес, сондықтан мұндай нөмірлер жойылады, деді ол.

Сонымен қатар, шенеунік қазіргі уақытта құқық қорғау органдары шетелдіктерге ЖСН беру бойынша тексеру жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

— Сіз айтып отырған чаттарға келетін болсақ, мен бұл ақпаратты да алдым. Қазір ЖСН бойынша тексеру шаралары жүргізілуде. Белгілі бір кезеңде ЖСН рәсімдеу кезінде процедуралық бұзушылықтар болған. Қазір солар бойынша тексеру жұмыстары жүріп жатыр, деді ол.