Түркияда ресейлік Rutube видеохостингіне тыйым салынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz DW-ға сілтеме жасап.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Бұл туралы «ЗаТелеком» тelegram арнасының негізін қалаушы Михаил Климарев мәлім етті.
Түркия билігі «Газпром-медиа» активтеріне кіретін ресейлік Rutube видео хостингін бұғаттады.
Себебін дұрыс түсінбедім, меніңше гэмблингті (құмар ойындар – Ред.) жарнамалағаны үшін болуы керек, – деп жазды ол.
РЕСЕЙЛІКТЕР НЕ ДЕЙДІ?
«Медиазона» басылымы нақтылағандай, шешім биылғы 25 ақпанда қабылданды.
Заңсыз тігелген бәстер терроризмді қаржыландыруға пайдаланылуы мүмкін. Заңсыз бәс тігу сайттарына жіберген ақшаңыз сізді қылмыстық жауапкершілікке тартуы мүмкін, - деп түсіндірді басылым түрік интернет сегментінен Rutube сайтына кірген кезде пайда болатын ескерту сөздерін.
Rutube өкілдері Түркияда желінің бұғатталуын жоққа шығарды.
Қиындықтар жергілікті провайдерлердің жұмысна байланысты болуы мүмкін, - деді видеохостинг өкілдері.
APP STORE-ДАН ЖОЙЫЛДЫ
2024 жылдың тамызында Rutube қосымшасы App Store дүкенінен жоғалып кетті.
Біздің қосымша App Store қолданбалар дүкенінен жойылды. Бұл америкалық компания тарапынан салынған санкцияның салдары болды. Бұдан кейін пайдаланушыларға мобильді қосымша арқылы біздің қызметтерге қол жеткізу қиынға соқты, - деді ресейлік қызмет өкілдері.
Айта кетейік, былтыр желтоқсанда Ресейдегі YouTube видеохостинг трафигі айтарлықтай төмендеді. Климарев DW-ге берген сұхбатында ұялы байланыс операторлары үшін бес ай бойы баяулау болмағанын және пайдаланушылар YouTube-ті смартфоннан көруді жалғастырғанын айтқан. Кейін оның айтуынша, баяулау ұялы байланыс операторларына да әсер етті.