×
504.44
545.65
5.95
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
504.44
545.65
5.95

Науқастар қан түкіріп жатыр: Ресейде белгісіз вирус өршіді

30.03.2025, 14:57
Науқастар қан түкіріп жатыр: Ресейде белгісіз вирус өршіді
Ашық дереккөздерден алынды

Ресейде вирустың белгісіз түрі өршіп, науқас адамдар жөтелгенде қан түкіріп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz SHOT телеграм арнасына сілтеме жасап.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ақпарат көзінің мәліметінше, ауру белгілері барлық адамда бірдей: бастапқыда әлсіздік пайда болып, денеде сырқырайды, бірақ бірнеше күннен кейін вирус күшейіп, науқас төсек тартып қалуы мүмкін. Дене қызуы 39 градусқа дейін көтеріліп, қатты жөтел қысады. Ұзақ жөтелден соң қан аралас қақырық шыға бастайды. Науқастар апталап антибиотик қабылдаса да жөтел басылмай қойғанын айтады.

Ресейлік дәрігерлер белгісіз вирустың таралып жатқанын және мұндай жағдайлардың көп екенін жасырмайды. Науқастарға «Анықталмаған жедел респираторлық вирустық инфекция (ЖРВИ)» деген диагноз қойып, жағдайы нашарлаған адамдарға жедел жәрдем шақыруды ескертіп жатыр. Мамандардың болжамынша, бұл былтыр желтоқсанда таралған микоплазмалық пневмония болуы мүмкін.