×
504.44
545.65
5.95
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
504.44
545.65
5.95

Тоқаев пен Эрдоған телефон арқылы сөйлесті: не туралы айтты

30.03.2025, 17:20
Тоқаев пен Эрдоған телефон арқылы сөйлесті: не туралы айтты
Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түркия басшысы Реджеп Тайип Эрдоған телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ақорданың хабарлауынша, қос мемлекеттің басшылары бір-бірін ораза айт мерекесімен құттықтап, екі ел халықтарына бақ-береке тіледі.

Қос мемлекеттің басшылары қазақ-түрік стратегиялық серіктестігін одан әрі дамытуға екі тарап әрдайым дайын екенін жеткізді.

Әңгімелесу барысында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты ілгерілетуге ықпал ететін жоғары деңгейдегі белсенді саяси диалогты қолдаудың өзектілігі айтылды, – делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, президенттер көпжақты форматтағы тығыз ықпалдастықты жалғастырудың маңызды екеніне тоқталып, халықаралық ұйымдар аясындағы алдағы кездесулердің кестесін талқылады.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінде Түркияда Ыстамбұл мэрі Экрем Имамоғлының қамалуынан кейін жаппай наразылықтар болып жатыр.