×
504.44
545.65
5.95
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
504.44
545.65
5.95

Қазақстан нарығына арналған Kia көліктері қазақша "сөйлей" бастады

31.03.2025, 15:03
Қазақстан нарығына арналған Kia көліктері қазақша "сөйлей" бастады

Қазақстандағы Kia маркасының ресми дистрибьюторы Allur Motor Qazaqstan (Allur автокомпаниясының құрамында) елімізде құрастырылатын Kia көліктеріне мультимедиялық жүйеге қазақ тіліндегі мәзірі орнатыла бастағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МАҢЫЗДЫ КЕЗЕҢ

Қазақ тілді мәзірді енгізу процесі ең алдымен бизнес-класстағы Kia K5 седанынан басталды. Бұл қадам – Kia көліктерін қазақстандық тұтынушылардың қажеттіліктеріне бейімдеудегі маңызды кезең болып отыр.

Қазақстанда шығарылатын барлық Kia көліктеріне 5 жылға немесе 150 000 шақырым жүріске дейін зауыттық кепілдік беріледі. Kia көліктері, олардың жинақтары мен бағалары туралы толық ақпаратты ресми дилерлерден немесе www.kia.com.kz сайтынан алуға болады.

KIA КОМПАНИЯСЫ ТУРАЛЫ

Kia Corporation – әлемдік деңгейдегі бренд. Ол 1944 жылы құрылған және бүгінгі таңда 190-нан астам елде жыл сайын шамамен 3 миллион көлік сатады. Қазіргі таңда компанияда 52 мыңнан астам қызметкер жұмыс істейді, ал өндіріс алаңдары алты елде орналасқан.

Kia – электромобильдерге көшуді белсенді жүзеге асырып жатқан компания. Ол қалалық өмірді жақсартуға бағытталған тұрақты әрі заманауи көлік шешімдерін ұсынуға ұмтылады.

ALLUR MOTOR QAZAQSTAN ТУРАЛЫ

Allur Motor Qazaqstan – Allur автокомпаниясының құрамындағы құрылым және Қазақстандағы Kia көліктерінің ресми дистрибьюторы. Компанияның жұмысы барысында Kia бренді сатылым көлемі бойынша Қазақстан нарығында үздік үштікке кірді.

2025 жылдың басындағы жағдай бойынша, елімізде Kia компаниясының 18 қалада 23 ресми дилерлік орталығы жұмыс істейді.

Allur – Қазақстан Республикасында Kia-ны қоса алғанда 6 автокөлік брендіне дистрибьюторлық, дилерлік және өндірушілік қызмет атқаратын ұлттық автокөлік компаниясы.