×
503.15
543.3
5.93
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
503.15
543.3
5.93

«Әруақ көрдім»: өліп тірілген әйелдің оқиғасы жұрттың көңілін босатты

31.03.2025, 20:30
«Әруақ көрдім»: өліп тірілген әйелдің оқиғасы жұрттың көңілін босатты
Видеодан скриншот

Осыдан бес жыл бұрын Көкшетау қаласында орын алған қайғылы оқиға талай жанның жүрегін сыздатты. Бұл жағдай журналист Жанар Байсемізбен сұхбат барысында баяндалды. Оқиға кейіпкері Айғаным дені сау күйінде перинаталды орталыққа барып, бірінші топтағы мүгедек болып шыққан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚАТЕЛІКТІҢ ҚАСІРЕТТІ НӘТИЖЕСІ

Айғанымның айтуынша, ол ауыр дерттің құрбаны болған. Перзентханаға сап-сау барып бірінші топтағы мүгедек болып шыққан.

"Сепсис, перитонит, гангрена, ішек жарылып кетті. Ірің бүкіл денеге жайылды. Ампутация жасалды. Барлығы 30 ота өткізілген. Әйелдік органдарын түгел кесіп алып тастаған. Саусақтарын да кескен. Табанның жартысы жоқ. Ішінің 90% жамау... кіндік жоқ."- деп кейіпкерін журналист Жанар Байсеміз сипаттайды. 

Айғаным басынан өткен оқиғаға дәрігерлердің біліксіздігі емес, салғырттығы себеп болды дейді. 

“Мен дәрігердің салғырт қарағанынан бірінші топтағы мүгедек болып қалдым.  Дәрігер ота үстінде ғана қателеспейді. Ол науқасқа салғырт қарағаннан бастап қателеседі.”- дейді Айғаным.  

РУХАНИ ТӘЖІРИБЕЛЕР МЕН АУРУХАНАДАҒЫ ТҮСІНІКСІЗ ЖАҒДАЙЛАР

Айғаным ауруханада жатқанда аруақтармен кездескенін айтады. Оның сөзінше жансақтау бөлімінде елестер кезіп жүрген. 

“Мен комада болғанда анамның, күйеуімнің, әкемнің келгенін естідім. Клиникалық өлім болған кезде пошта сияқты бір жерде болдым. Ол жерде барлығы асығып айғайлап жатыр. Өзіме таныс бір дауыс шықты, Айғаным кет деген. Сөйтсем әжемнің аруағы келген екен - дейді Айғаным.

Бұндай оқиғаға өзіне дейін де болғанын ол кейін біледі. 

“Менің жарығым сөнген кезде аруақтар келетін. Дыбыстар шығатын. Аруақтарды көрген кезде қатты ыңырси бастаймын. Сосын маған әріптер алып келді. Мен әріптерді көрсетіп осы жерде біреу бар деп айттым. Сосын олар түсінді. Өйткені реанимация бөлімінде көп адам қайтыс болады ғой. Маған дейін де сондай жағдай болған екен. Адамдардың аруағы қалып қояды екен. - дейді Айғаным.

СОТ ӘДІЛЕТСІЗДІГІ ЖӘНЕ ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ ЖАЗАСЫЗ ҚАЛУЫ

Өзін мүгедек еткен дәрігерлерді заң жүзінде жазалағысы келген. 

“Тергеу болды, медэкспертиза болды. Сол жерлерде дәрігерлердің кінәсі толығымен дәлелденді. Мен жоғары сотқа дейін бардым. Кінәлі дәрігерлер мүлдем медицина саласынан шектелсе дедім. Бірақ өкінішке қарай өзім науқас болғандықтан күш керек болды соттасуға. Уақыт өткізіп алдық. - дейді Айғаным.” 

Алайда прокуратура мерзімі өтіп кетті деген желеумен дәрігерлерді сотқа тартпаған.