Жеңілістен көз ашпайтын "Барыс" хоккей клубының жаттықтырушысы алатын жалақы көпшіліктің ашуын туғызды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы блогер Сәбит Рысбаев желідегі парақшасында жазды.
“Асхатты қуып шықсақ Барысты да қарап қояйық. Жеңілістен көз ашпаған, ең соңғы орындағы Барыстың бапкері Ғалым Мамбеталиев айына 59 миллион теңге алады екен. Жеңіліп осыны алса жеңсе не болады?”- дейді блогер.
Бұны көрген желі оқырмандарын бірден ашу қысты. Олар жеңілістен көз ашпайтын клубтың осынша жалақы алатынын түсінбей дал.
“Мынадай жалақыларды қалай белгілейді, қалай алады , Елімізді басқарып отырған Президент осындай жалақы алмайды , мынадай ақша алатын адам білмейм не істеу керек екенін”- дейді Рашид Мажитов есімді желі оқырманы.
Енді біреулері бұны құр мақтаныш, бос мақтан деп есептейді.
“Ресейдің лигасында жүрген соң, сол лигадағы басқа командаларға қарайтын болса керек. Бос понт. Өз ішімізде ойнаса , "хоккейдің деңгейі көтерілмейді" дейді. Хоккейді көтеру басты шарт емес, халықтың ақшасын шашпау - шарт.”- дейді Индира Өтеміс есімді желі қолданушысы.
“БАРЫСТЫҢ” ЖАҒДАЙЫ
“Барыс” хоккей клубы құрлықтық хоккей лигасында 68 ойынның елу төртінде жеңіліп топтағы соңғы орында келеді.
20 МИЛЛИОНДЫҚ ЖАЛАҚЫ
Шымкент әкімі "Ордабасы" футбол клубының капитаны Асхат Тағыбергеннің жалақысын жариялағаннан кейін қоғамда үлкен дау туындаған еді. Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков “Ордабасы” футбол клубының капитаны Асхат Тағыберген туралы “ойнай алмайды” және “кеткісі келмейді” деген еді. Және оның жалақысы туралы “20 миллион теңге алады” деген.