×
503.15
543.3
5.93
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
503.15
543.3
5.93

Ресей билігінің тексерісінен КҚК құбырының жұмысы ішінара тоқтады

01.04.2025, 08:04
Ресей билігінің тексерісінен КҚК құбырының жұмысы ішінара тоқтады
фото: cpc.ru

Каспий құбыр консорциумы (КТК) қауіпсіздік тексерістері кезінде жұмысын ішінара тоқтататынын хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz.

Каспий құбыр консорциумы (КҚК) ВПУ-1 және ВПУ-2 қондырғыларының уақытша істен шығарылғанын нақтылады.

КҚК таратқан мәліметке сәйкес, Ресей үкіметінің тапсырмасымен 2025 жылы 26 наурыздан бастап федералды көлік саласын қадағалау қызметі Азов-Қара теңіз бассейніндегі су көлігі инфрақұрылымының қауіпсіздігін тексереді. Бұл тексеріс қауіпті жүктерді тиеу-түсіру жұмыстары кезінде жүргізіледі.

Осыған байланысты инспекция Новороссийск, Темрюк, Сочи, Туапсе және өзге де теңіз порттарында жұмыс істейтін ұйымдарды қамтыды.

Тексерулер 2024 жылғы 15 желтоқсанда Керчь бұғазында танкерлердің апатқа ұшырауы салдарынан мұнай өнімдерінің төгілуіне байланысты басталған. КҚК тексеріс барысында анықталған кемшіліктер жойылғанға дейін аталған екі қондырғыны қолданыстан шығарды.

Консорциумның теңіз терминалында барлық тиеу операциялары 2014 жылы іске қосылған ВПУ-3 қондырғысы арқылы жүргізіледі, деп қосты КҚК өкілдері.

Бұған дейін мұнай өндіру саласының сарапшысы Олжас Байділдинов КҚК инфрақұрылымына шабуылдар жалғасады деген пікір білдірген еді.

Айта кетейік, 24 наурызға қараған түні Ресейдің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері Каспий құбыр консорциумы нысандарына жасалған тағы бір дрон шабуылын тойтарған болатын. Бұл – бір ай ішіндегі үшінші осындай оқиға.