×
510.81
578.59
6.51
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
510.81
578.59
6.51

Бәрменқұлов ешқандай күдікті емес — ҚМА футбол федерациясындағы тергеу жайлы

Бәрменқұлов ешқандай күдікті емес — ҚМА футбол федерациясындағы тергеу жайлы
Ulysmedia.kz коллажы

ҚМА төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов Қазақстан футбол федерациясындағы тергеуге қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚМА НЕ ДЕЙДІ

- ҚМА-да ҚФФ бұрынғы басшылығына қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Бірақ әзірге өзге мәліметтерді жариялай алмаймын. Әділет Бәрменқұловтың өзін күдікті деп таныған жоқпыз, дейді Жеңіс Елемесов. 

БҰҒАН ДЕЙІН

4 наурызда Қазақстан футбол федерациясының бұрынғы басшылығы тергеліп жатқаны белгілі болған еді. Қазнетте Әділет Бәрменқұловқа қатысты тергеу басталғаны туралы ақпарат тараған болатын.

Бұл ақпаратты ҚМА баспасөз қызметі растады. 

- БАҚ тарапынан келіп түскен сұраныстарға байланысты, ҚМА Қазақстан футбол федерациясының бұрыңғы басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастағанын растайды, делінген хабарламада. 

Серіктес жаңалықтары