×
518.21
590.09
6.3
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
518.21
590.09
6.3

Донецкіде Қытай азаматтары Ресей үшін соғысқан

08.04.2025, 20:30
Донецкіде Қытай азаматтары Ресей үшін соғысқан
Ашық дереккөзден

Украина президенті Владимир Зеленский Қытай азаматтары Донецк облысында Ресей армиясының қатарында соғысқанын мәлімдеді. Екі қытай азаматы украин әскерилері тарапынан тұтқындалған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Зеленскийдің айтуынша, Украина Қытай тарапынан бұл жағдайға қатысты ресми түсініктеме күтуде. Сонымен қатар ол бұл іске АҚШ, Еуропа және әлемдегі бейбітшілікті қалайтын барлық елдердің назарын аударды.

«Бізде тұтқындардың құжаттары, банк карталары мен жеке деректері бар. Қолда бар ақпарат бойынша, Қытай азаматтары ресейлік бөлімшелерде екі адамнан әлдеқайда көп. Қазір барлық деректер анықталуда. Барлау, Қарулы Күштердің тиісті бөлімдері жұмыс жүргізуде», – деп жазды Зеленский өзінің телеграм-арнасында.

Президент Украина Сыртқы істер министріне Пекинмен дереу байланыс орнатып, Қытай бұл жағдайға қалай әрекет ететінін анықтауды тапсырған.

«Ресейдің Еуропадағы бұл соғысқа Қытайды тікелей немесе жанама түрде тартуы – Путиннің соғысты тоқтатқысы келмейтінінің айқын белгісі. Ол соғысты жалғастырудың жолын іздеуде. Бұл әрекетке нақты реакция қажет. АҚШ, Еуропа және бейбітшілікті қалайтын бүкіл әлемнің реакциясы қажет», – деді ол.

Зеленский Қытай азаматтарының нақты қашан тұтқынға түскенін айтпады, бірақ олардың Украина Қауіпсіздік қызметінің қарамағында екенін, тергеу мен жедел шаралар жалғасып жатқанын хабарлады.

Серіктес жаңалықтары