×
516.91
586.33
6.3
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
516.91
586.33
6.3

30 мың жарақат, 12 мың ажал: БҰҰ қорқынышты сандарды жариялады

08.04.2025, 23:05
30 мың жарақат, 12 мың ажал: БҰҰ қорқынышты сандарды жариялады
Ашық дереккөзден

2022 жылдың ақпан айында Ресей Федерациясының Украинаға қарсы кең ауқымды басып кіруі басталғалы бері, 2025 жылдың наурызының соңына дейін кемінде 12 910 бейбіт тұрғын мерт болды. Бұл туралы 8 сәуірде Нью-Йоркте өткен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде БҰҰ-ның төтенше жағдайлар бойынша басқармасының жетекшісі Том Флетчер мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

30 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ЖАРАЛАНҒАН

Флетчердің сөзінше, соғыс басталғалы бері 30 700-ден астам бейбіт тұрғын жараланған. Ол бұл мәліметтерге БҰҰ Адам құқықтары басқармасының деректерін негізге алып отыр. Сонымен қатар, нақты шығын бұдан да көп болуы мүмкін екенін атап өтті. БҰҰ растап отырған мәліметке сүйенсек, көз жұмғандардың ішінде 682 бала бар.

УКРАИНАДАҒЫ СОҒЫС – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚҚА ҚАРСЫ ШАБУЫЛ

Флетчер халықаралық құқықтың тек Украинада ғана емес, басқа да соғыс жүріп жатқан елдерде бұзылып жатқанын айтты. "Бұл – барлық соғысты байланыстырып тұрған ортақ мәселе", – деді ол.

КРИВОЙ РОГТЕГІ ЗЫМЫРАНДЫҚ ШАБУЫЛ: 9 БАЛА ҚАЗА ТАПТЫ

4 сәуір күні Ресей армиясы Украина президенті Владимир Зеленскийдің туған қаласы Кривой Рогқа зымыранмен соққы жасады. 20 адам қаза тауып, оның ішінде 9 бала көз жұмды, тағы 70-тен астам тұрғын жараланған.

БҰҰ бұл шабуылды соғыс басталғалы бері балалардың ең көп қырылған оқиғасы деп атады.

БҰҰ: «ҚАҚТЫҒЫС ОРНЫНДА ЖҮЗДЕГЕН ЖАРЫҚШАҚ ҚАЛДЫ»

БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Фолькер Тюрк хабарлағандай, 5 сәуір күні арнайы комиссия Кривой Рогтағы шабуыл орнына барып, зиян келтірілген аумақты құжаттады. Зерттеу барысында жүздеген снаряд сынықтары балалар алаңқайларынан, сырғанақтардан, ағаштар мен топырақтан табылған.

Серіктес жаңалықтары