×
514.94
583.74
6.13
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
514.94
583.74
6.13

Алматыда күзетшіні сабап өлтірген экс-депутаттың ұлы 22 жылға сотталды

09.04.2025, 18:45
Алматыда күзетшіні сабап өлтірген экс-депутаттың ұлы 22 жылға сотталды
скриншот

Алматыдағы тұрғын үй кешенінің біріндегі күзетшіні сабап өлтірді күдікпен айыпталған адамға үкім шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ОҚИҒА ЖАЙЛЫ

Былтыр жол талғамайтын көлікпен бірнеше рет күзетшіні басып, артынан сабап, басына секірген күдіктінің қылмысы видеоға түсіп қалған еді. Күзетші ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген, алайда есін жимай қайтыс болып кеткен. Қатігездікке күзетшінің ата-анасының өтініші бойынша тұрғын үй кешенінің ауласынан ашуланған адамды босатпағаны себеп болған. БАҚ сол тұста ұсталған күдікті экс-депутаттың ұлы екенін жазған еді.

СОТТЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ

Күдікті қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігінің 5-ші тармағы (аса қатыгездікпен кісі өлтіру) және 147-баптың 5-бөлігі (адамның жеке өмірі туралы ақпаратты оның келісімінсіз тарату) бойынша айыпталған. Сот оны айыпты деп танып, 22 жылға соттады.

Сотталған адам Асқар Тастандиев. Жоғарғы кеңестің XIII шақырылымының депутаты болған әрі Талдықорған облысы прокурорының аға көмекшісі қызметін атқарған Саламғазы Тастандиевтің ұлы.