×
523.2
594.3
6.38
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
523.2
594.3
6.38

Қазақстан азаматтарының Ресейге кіру тәртібі өзгереді

10.04.2025, 08:30
Қазақстан азаматтарының Ресейге кіру тәртібі өзгереді
zr.ru

2026 жылы 30 маусымнан бастап Ресей үкіметі шетел азаматтары, соның ішінде қазақстандықтар үшін ел аумағына кірудің жаңа талаптарын енгізеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

НЕ ӨЗГЕРЕДІ

Атап айтқанда, Ресейге сапарлап келетін барлық шетелдіктер шекарадан өтерден кемінде 72 сағат бұрын арнайы цифрлық профиль қалыптастыруға міндеттеледі.

Аталған цифрлық профиль RuID деп аталатын мобильді қосымша арқылы жасалады. Бұл қосымша – мемлекеттік қызметтер порталының шетел азаматтарына бейімделген баламасы. Оның көмегімен туристер, еңбек мигранттары және өзге де шетелдік келушілер Ресейге сапары туралы ресейлік құзырлы органдарға алдын ала хабар беріп қана қоймай, ел аумағында түрлі цифрлық қызметтерді де пайдалана алады. Соның ішінде медициналық сақтандыру рәсімдеу, мемлекеттік мекемелерге жазылу және өзге де сервистер қарастырылған.

БАРАМ ДЕГЕНДЕРГЕ КЕҢЕС

Цифрлық профиль автоматты түрде мемлекеттік дерекқорлармен біріктіріліп, шекаралық бақылау рәсімдерінен өту кезінде басты шарттардың бірі болмақ. Бұл талапты елемеу – Ресейге кіруден бас тартуға немесе шекарада ұзақ уақыт кідіртуге себеп болуы мүмкін.

Жаңа ереже күшіне енгеннен кейін Ресейге сапар шегуді жоспарлап отырған Қазақстан азаматтарына шекарадан өтуге қатысты шектеулерді алдын ала тексеріп, барлық қажетті құжаттарды әзірлеп, қосымша рәсімдерге дайын болуға кеңес беріледі. Сонымен қатар цифрлық профильдің дұрыс және уақытылы толтырылуын мұқият қадағалау аса маңызды.

Серіктес жаңалықтары