×
514.94
583.74
6.13
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
514.94
583.74
6.13

Темірлан Еңсебек ісі: Адвокат сот отырысына бақылаушыларды кіргізуді талап етті

Темірлан Еңсебек ісі: Адвокат сот отырысына бақылаушыларды кіргізуді талап етті
Фото: Ulysmedia.kz

Алматыдағы Наурызбай аудандық сотында сатирик Темірлан Енсебекке қатысты қылмыстық іс бойынша тыңдау жалғасып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Instagram желісіндегі пабликке жариялаған жазбасынан кейін айып тағылған Темірлан Еңсебек сот отырысына тағы да Zoom арқылы қатысып отыр. Алайда Ulysmedia тілшісінің хабарлауынша, байланыс жиі үзіліп, дұрыс жұмыс істемеген.

АДВОКАТ НЕ ДЕДІ

Сатириктің мүддесін қорғап жатқан адвокат Жанар Балғабаева соттан барлық қалаушы бақылаушылар үшін сот залына қолжетімділік беруді сұрады. Себебі бұған дейін сот жариялылық туралы өтінішті қанағаттандырған, алайда кеше Темірланның серіктестері ғимаратқа кіре алмай, далада қалып қойған.

— Бұған дейін сот жария түрде өтетіні туралы шешім шығарған, сондықтан сол уәде орындалуы керек деп есептеймін. Екінші залда трансляция жүргізіліп жатқан болса, оған да барлық адамды кіргізуді сұраймын. Себебі бұл резонансты іске қызығушылық танытып отырған азаматтар заңды негізде қатысқысы келіп отыр. Олар әкімшілік жауапкершілікке тартылмауы тиіс. Мен соттың жариялылығын қамтамасыз етуді, залды ашуды, барлық мүдделі тараптарды тыңдауға қатыстыруды сұраймын. Бұл қоғамда әлеуметтік кернеудің туындамауына сеп болады, деді адвокат. 

ІСТІҢ МӘНІ НЕДЕ

Темірлан Еңсебекке қатысты іс бір ғана эпизодтан тұрады. Ол — 2024 жылдың 21 қаңтарында Qaznews24 сатиралық арнасында және Instagram парақшасында жарияланған жазба. Онда "Қазақстандық рэперлер Тина Канделакиге қатаң жауап жолдады" деген сипаттағы жазба жарияланған. Жазбамен бірге авторы белгісіз музыкалық композиция берілген. Ән мәтінінде ұлтаралық сипаттағы анайы, балағат сөздер кездеседі, атап айтқанда — орыс ұлты өкілдеріне бағытталған өте ауыр әрі қорлайтын сөздер бар.

ТЕМІРЛАН ЕҢСЕБЕК ТУРАЛЫ НЕ БЕЛГІЛІ

2021 жылдың мамыр айында Темірлан Еңсебек құқық қорғау органдарының назарына тағы да іліккен. Ол кезде де оның паблигінде жарияланған контент себеп болған. Тергеу ҚР ҚК 274-бабы («Көрінеу жалған ақпарат тарату») бойынша жүргізілді.

Алайда, 2021 жылдың қыркүйек айында қылмыстық іс қылмыс құрамы болмағандықтан тоқтатылған.