×
514.94
583.74
6.13
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
514.94
583.74
6.13

«90 жылдардан қалған анархонизм»: көшеден доллар-еуро таблолары жойылады

11.04.2025, 13:33
«90 жылдардан қалған анархонизм»: көшеден доллар-еуро таблолары жойылады
Ulysmedia.kz коллажы

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов көшелерден шетел валюталарының бағамын көрсетіп тұратын таблолар жойылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұған дейін қаржы саласының қызметкерлері Ұлттық банктің таблоларды жоюға қатысты шешімін өткір сынаған еді. Олардың айтуынша, ақшаны жасырын айырбастаушылар көбейіп, адал бизнеске кері әсер етеді.

Жалпы бизнес өкілдерінің “бұл қадам біздің құқықты шектейді” деген сөздері орынсыз деп ойлаймын. Өйткені бәріміз цифрлық дәуірде өмір сүріп жатырмыз. Қолдағы ұялы телефонның көмегімен қазір жапонның иені қанша тұратынын, дирхам қаншаға сатылып жатқанын бір сәтте көруге болады. Бағамды көрсетіп тұрған белгі тоқсаныншы жылдардан қалған анархонизм, – деді таблолар жайлы Ұлттық банк төрағасы бүгінгі брифиңде.

Оның айтуынша, Мәскеуде, Вашингтонда, Парижде, ешбір дамыған қалада, астанада валюталардың бағамы көрсетіліп тұрмайды. 

Бізде қандай себептерге байланысты екенін білмеймін, “ценниктер” қалып қойған. Вьетнамда, Пхукет, Тайландқа бай демалушылар келген кезде қолма-қол ақшаны жергілікті валютаға айырбастайды. Біз басқа дәуірде өмір сүріп жатырмыз. Біздің экономиканың тірегі, кепілі – туризм емес. Біздің экономика қолма-қол ақшамен келетін туристерді керек етеді деп ойламаймын. Сондықтан, осындай тетіктерді өзгертуіміз керек, – деді ол.

Сүлейменов көшелерден таблолар жойылатынын, ал ғимараттарда қалатынын айтты.

Серіктес жаңалықтары