×
514.94
583.74
6.13
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
514.94
583.74
6.13

Еуроодақ Украинаға әскери көмекті едәуір арттырды

11.04.2025, 15:18
Еуроодақ Украинаға әскери көмекті едәуір арттырды
фото: aif.ru

2025 жылы Еуроодақтың Украинаға көрсететін әскери көмегі 23 миллиард еуроға дейін өседі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Еуроодақтың дипломатия басшысы Кая Каллас Брюссельдегі НАТО штаб-пәтерінде өткен Украина жөніндегі байланыс тобының отырысында сөйлеген сөзінде биыл Еуроодақ елдерінің Киевке беретін әскери көмегі 2024 жылғы 20 миллиардпен салыстырғанда 23 миллиард еуроға дейін артатынын мәлімдеді.

Бұған дейін Украина ЕО-дан Ресейдің бұғатталған активтерінен түсетін табыстар есебінен өтелетін "Үлкен жетілік" несиесі аясында тағы 1 миллиард еуро алғаны хабарланған еді. Жалпы, ERA бағдарламасы бойынша Еуропалық одақ елдері Украинаға 5 миллиард еуро көмек көрсеткен.