Егер басқа елге көшуді жоспарласаңыз - зейнетақы жинақтарын алуды ұмытпаңыз. Бұл туралы БЖЗҚ ескертті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ҚАЗАҚСТАН ЗАҢНАМАСЫ
Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіби зейнетақы жарналары (МКЗЖ) және ерікті зейнетақы жарналары (ЕСЖ) арқылы зейнетақы жинақтары бар Қазақстаннан өзге елге түпкілікті көшкен көшкен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алуға құқылы. Бұл үшін Қазақстан заңнамасына сәйкес құжаттарды ұсыну қажет.
ТӨЛЕМДІ РӘСІМДЕУ ЖОЛДАРЫ
ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ
БЖЗҚ сайтында құжаттардың тізімі, олардың ресімделу талаптары, өтініш бланкілері мен сенімхат үлгілері орналастырылған. Сондай-ақ «Зейнетақы төлемдерін алдын ала тексеру» электронды қызметі арқылы құжаттарды тексеруге болады.
МАҢЫЗДЫ
Зейнетақы жинақтары тек өтініш берушінің банктік шотына аударылады. Өкілдің, қамқоршының шотына төлем жасалмайды.