Бұл жөнінде мәжілісте Ұлттық экономика министрі Азамат Әмрин айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Әмриннің сөзінше, Қазақстанда құрылыс бизнесі көлеңкелі бизнес жағынан екінші орында тұр. Құрылыс компанияларының иелері бизнесін бөлшектеп, салық төлесеудің жолдарын біліп алған. Бүгін Мәжілісте құрылыс компаниялары тұрғын үйді сатқан кезде қосымша ққн салығынан босатудың қолданыстағы режимін сақтау мәселесі көтерілді.
Біздіңше, қазіргі жеңілдіктер тұрғын үйді арзандатуға әсер етпейді. Шын мәнінде, құрылыс салушының маржасын арттыруға ықпал еткен. Динамикаға қарайтын болсақ, бізде құрылыс материалдары бағасының өсімі 106%, ал тұрғын үй бағасының өсу динамикасы 116%, — деді Азамат Әмрин.
Министр Серік Жұманғарин бұған дейін тұрғын үй нарығындағы ҚҚС-ты инфрақұрылымдық алыммен алмастыру мүмкіндігі қарастырылып жатқанын мәлімдеген еді. Оның айтуынша, парламентте жаңа Салық кодексінің жобасы бар, оған сәйкес жылжымайтын мүлік енді жеңілдетілген санатқа жатпайды және ҚҚС салынады.