×
514.94
583.74
6.13
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
514.94
583.74
6.13

Астанада LRT құрылысына байланысты жол қозғалысы уақытша өзгереді

13.04.2025, 11:51
Астанада LRT құрылысына байланысты жол қозғалысы уақытша өзгереді
Ашық дереккөзден

CTS компаниясы Астанадағы жол айрығында LRT құрылыс жұмыстарына байланысты қозғалыстың уақытша шектелетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Компанияның мәліметінше, LRT құрылысы бойынша жұмыс жоспарына сәйкес, 101-102 аралығында болат қорапты арқалықты орнатуға байланысты Астанада қозғалыс уақытша шектеледі.

14 СӘУІР

08:00-ден 20:00-ге дейін Астананың оңтүстік-батыс айналма жолы мен Қабанбай батыр даңғылы қиылысындағы жол айрығында Қарағанды тас жолы бағытынан Қосшы қаласына қарай қозғалыс уақытша шектеледі.

15 СӘУІР

08:00-ден 20:00-ге дейін Астананың оңтүстік-батыс айналма жолы мен Қабанбай батыр даңғылы қиылысындағы жол айрығында Қосшы қаласынан Қарағанды тас жолы бағытына қарай қозғалыс шектеледі.

City Transportation Systems уақытша қолайсыздықтар үшін тұрғындардан кешірім сұрады.

Серіктес жаңалықтары