×
446.49
475.38
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
446.49
475.38
4.79

Экономист баспана бағасына болжам жасады

10.01.2022, 11:15
Фото: Ашық дереккөзден

Экономист Расул Рысмамбетов елдегі кейінгі оқиғаларға байланысты Ulysmedia.kz порталына экономикалық өзгерістер жөніндегі болжамын айтып берді.

 – 2022 жылдың І тоқсанында Қазақстанға жоғалғанды қалпына келтіруіне тура келеді. Ең қатты зардап шеккен қала – Алматы. Оңтүстік астанада шағын және орта бизнес күйреп қалды. Меніңше, 2-3 айында бәрі қалпына келуі керек. Алайда осының бәрін қалпына келтіруге ақшаны қайдан аламыз деген сұрақ туындайды. Меніңше, тағы Ұлттық қорға жүгінетін секілді.

Өз басым елдегі ірі жобаларды бастауды келесі жылға қалдыру керек. Себебі биылға мәселе қордаланып қалды. Ең маңыздысы – жанар-жағармай бағасына қойылған мораторий. Өйткені мұнда мемлекетке субсидия бөлуге тура келеді. Ал алдағы уақытта ел экономикасында қандай да бір өзгерістер болуы мүмкін.

 Баспана бағасы арзандауы мүмкін деген әңгіме бар? Қаншалықты рас?

– Үй бағасы қымбаттайды деп айта алмаймын. Қай өңірде болмасын, пәтер де, үй де аман. Бәрі жақсы. Құрылыс компанияларының басшыларына бағаны көтермеу керектігі турасында өтініш білдіру керек.

Серіктес жаңалықтары