×
518.21
590.09
6.3
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
518.21
590.09
6.3

«Бөпетайға тапсырыс бердік» – Ерке Есмахан көптен жасырған сырын ашты

15.04.2025, 00:05
«Бөпетайға тапсырыс бердік» – Ерке Есмахан көптен жасырған сырын ашты
Әлеуметтік желіден

Танымал әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желіде жанкүйерлеріне ерекше жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Биыл үлкен той жасауды жоспарлағанымен, өмірдегі басты қуаныштың бірі – сәби сүю бақыты бәрінен биік екенін айтты.

«Адамның айтқаны емес, Алланың бұйырғаны болады – деген рас», – деп жазды әнші.

Ерке Есмаханның айтуынша, биыл жазға жоспарланған “жыл тойы” кейінге шегерілген. Себебі, әнші ана болуға дайындалып жатыр.

«Биыл жазда үлкен “жыл тойын” жасаймыз деп жоспарлаған едік қой. Онымен бір бөпетай дүниеге келем деп тапсырыс берген соң, барлық планды өзгерттік», – деп бөлісті ол.

Сонымен қатар, ол алдағы жылы жоспарланған қуанышты екі еселеп атап өтетінін де әзілмен жеткізді:

«Алла бұйыртса, енді келесі жылы екі еселеп той жасайын деп тұрмыз. Тағы тапсырыс кеп қалмаса», – дейді Ерке Есмахан.

Желі қолданушылары Еркенің бұл жазбасын жылы қабылдап, ақ тілектерін жаудырып жатыр. Көпшілік оны жаңа өмір белесіне аяқ басуымен құттықтап, болашақ сәбиге аман-сау жарық дүние есігін ашуын тілеуде.

Серіктес жаңалықтары