×
521.9
593.5
6.39
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
521.9
593.5
6.39

«Қазақстан темір жолының» 25% ІРО-ға шығарылады

15.04.2025, 16:06
«Қазақстан темір жолының» 25% ІРО-ға шығарылады
Ulysmedia.kz коллажы

«Қазақстан темір жолының» 25%$ ІРО-ға шығарылады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Үкімет басшысы Олжас Бектеновтің депутаттарға берген жауабында «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның IPO-ға шығуы бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Соның шеңберінде басқа ұлттық компаниялардың IPO-сына ұқсас 25%дан аспайтын көлемде акцияларды сату болжанады. Осылайша, ұлттық оператор акцияларының бақылау пакеті «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-да сақталады. Осыған байланысты «ҚТЖ» ҰК» АҚ-дан магистралдық теміржол желісін шығару орынсыз болып көрінеді, – делінген Бектеновтің жауабы.

ҚТЖ

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы – елдегі ең ірі инфрақұрылымдық, көлік-логистика саласындағы компания. Мемлекет меншігіндегі бұл компания Қазақстанның кең байтақ аумағын теміржол желілерімен біріктіріп қана қоймай, Еуропа мен Азия арасындағы басты транзиттік дәліз рөлін атқарады. ҚТЖ – тек жүк пен жолаушы тасымалына жауапты оператор емес. Ол – мыңдаған шақырым теміржол желісін басқарып отырған жүйе. Компанияға қарасты ондаған еншілес ұйымдар жүк вагондарын жасақтайды, локомотивтерді жөндейді, логистикалық хабтар мен қоймалар жұмысын үйлестіреді.

Серіктес жаңалықтары