×
521.67
592.46
6.32
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
521.67
592.46
6.32

Тоқаевтың көмекшісі Шарлапаев тағы бір қызметке тағайындалды

Тоқаевтың көмекшісі Шарлапаев тағы бір қызметке тағайындалды
Ulysmedia.kz коллажы

Қанат Шарлапаев "Самұрық-Қазынада" жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

- "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ (тикері KASE -SKKZ) жалғыз акционерінің 2025 жылдың 12 сәуіріндегі шешімімен Қанат Шарлапаев қоғамның директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды. Енгізілген өзгеристі ескере отырып, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ Директорлар Кеңесі жеті адамнан тұрады, делінген хабарламада.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, 28 ақпанда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қанат Шарлапаевты көмекшісі етіп тағайындаған болатын. 

ШАРЛАПАЕВ ТУРАЛЫ

Қанат Шарлапаев 1981 жылы Саратов облысында дүниеге келген, Қазақстан Республикасының азаматы.

Саратов әлеуметтік-экономикалық университетін (РФ), Cranfield School of Management (Ұлыбритания) тәмамдаған. Еңбек жолын 2003 жылы банк секторында бастады.

2006-2008 жылдары өңірлік кеңсенің қаржы департаментінде, жобаларды басқару департаментінде, операциялық-технологиялық департаментінде, «Сити» инвестбанкінің сату басқармасында (Ұлыбритания, Чехия) жұмыс істеді.

2008-2014 жылдары - «Сити» инвестбанк акциялар нарығында жұмыс жөніндегі өңірлік дивизионының аға талдаушысы, вице-президентінің көмекшісі, вице-президенті (Лондон, Ұлыбритания).

2014-2015 жылдары – «Сити» инвестбанкінің Еуропа, Таяу Шығыс және Африка бойынша стратегиялық жоспарлау және талдау өңірлік тобының вице-президенті (Лондон, Ұлыбритания).

2015-2017 жылдары - Ситибанк Қазақстанның Бас қаржы директоры, басқарма төрағасының орынбасары, аға вице-президенті.

2017-2020 жылдары - Ресей Ситибанкінің Ресей, Украина және Қазақстан бойынша бас қаржы директоры, аға вице-президенті.

2020-2022 жылдары – «Сити» инвестициялық банкінің (БАӘ) Африка, Таяу Шығыс пен Шығыс Еуропаның дамушы нарықтарындағы стратегия, жоспарлау және талдау жөніндегі өңірлік директоры.

2022 жылғы 2-ақпанда «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның Басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары