×
518.21
590.09
6.3
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
518.21
590.09
6.3

«Президентті мазақтау бар» деп фильмімді шығармай жатыр – Ермек Тұрсынов

Бүгін, 21:40
«Президентті мазақтау бар» деп фильмімді шығармай жатыр – Ермек Тұрсынов
Ашық дереккөзден

Режиссер Ермек Тұрсыновтың «Бесмойнақ» фильмі түсіріліп біткен. Мемлекеттік қаржы игерілген. Антикор да, Есеп комитеті де, тіпті аудандық полиция да ақ-қарасын тексеріп шыққан. Бірақ фильм көрерменге жетпей, сөре түбінде шаң басып жатыр.

Ермек Тұрсынов жұмысын Антикор да, Есеп комитеті де тексергенін айтады. Тіпті аудандық полиция бөлімі де тексеріп, ештеңе таппаған. Егер шын мәнінде ұрлық жасасам, мені баяғыда жауып тынар еді дейді ол.

Қаржылық мәселе продюсер мен киностудия құзырында. Мен тек шығармашылыққа жауаптымын. Оның үстіне, мемлекет белгілеген әртүрлі салық пен ортақ шығындар бар. Соның бәрін шегергенде, менің (режиссёрдің) тікелей шығармашылық жұмысыма тек 30-40%-ы ғана тиесілі болып шығады (бөлінген қаржының). Оның өзі ақшалай емес, қызмет немесе жабдық түрінде беріледі, – дейді ол Exclusive арнасына берген сұхбатында.

Тұрсынов «Бесмойнақ» фильмін мемлекеттік тапсырыспен түсірген. Бірақ прокатқа бірер апта қалғанда, арнайы бұйрықпен көрсетілімге тыйым салынған.

Мәдениет министрлігі ол фильмде президентті мазақтау бар деген желеуді алға тартты. Мен келісім бермедім, яғни монтажымды өзгертпедім. Содан кейін кино мүлдем көрсетілмеді. Картинаны халыққа көрсете алмасам, қайдағы табыс? Өзімнің режиссёрлік жұмысымды аяқтағаным үшін аздаған еңбекақы алдым. «Мемлекеттің қаржысын ұрлады, кино жоқ» деген айып, таза жала. Фильм бар, тек жарыққа шыға алмай тұр. Министрдің сол кездегі шешімі әлі күшінде. Мен президент Тоқаевтың жеке басына құрметпен қараймын, оған тіл тигізу ойымда болған емес.

Менің жағдайымда бірнеше жол бар: елден кету, үнсіз қалу немесе билікке жағу. Елден кеткім келмейді, бір рет кеттім, жетеді. Үнсіз қалуға да болар еді, бірақ мен көпшілік алдында жүрген адаммын. Мені халықтың өзі сөйлетеді, мен солардың үнін жеткіземін. Мен шығармашылық еркіндік үшін күресемін, ақырына дейін айтамын. Сөз еркіндігін қорғай алмасақ, онда бұл қоғамға шығармашылықтың да керегі шамалы, – дейді ол.

Кинорежиссержің мұның алдында Ulysmedia.kz порталына берген сұхбатын порталдың YouTube-арнасынан көре аласыздар.

Серіктес жаңалықтары