×
523.2
594.3
6.38
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
523.2
594.3
6.38

«Уақыт көрсетеді»: Қазақстанда Ресей газын тасымалдайтын құбыр салына ма

16.04.2025, 19:55
«Уақыт көрсетеді»:  Қазақстанда Ресей газын тасымалдайтын құбыр салына ма
Ашық дереккөзден

Ресейден Қытайға газ құбырын салу жобасынан толықтай бас тартуға әлі ерте. Мұндай пікірді Каспий аймағындағы мұнай-газ жобалары жөніндегі сарапшы Нұрлан Жұмағұлов білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ГАЗ ҚҰБЫРЫНЫҢ БІРНЕШЕ БАҒЫТЫ ҚАРАЛЫП ЖАТЫР

Қазіргі таңда Ресейден Қытайға тартылатын газ құбырының бірнеше нұсқасы қарастырылып жатыр. Оның бірі – Моңғолия арқылы, екіншісі – Қазақстан аумағы арқылы өтуі мүмкін. Алайда нақты қай бағыт таңдалатыны жөнінде түпкілікті шешім әзірге қабылданған жоқ.

ҚАЗАҚСТАНҒА РЕСЕЙ ГАЗЫ ӘРҚАШАН ҚАЖЕТ БОЛАДЫ

“Әзірше күтейік, уақыт көрсетеді. Бірақ Қазақстан аумағының кең екенін және елдегі мұнай-газ кен орындарының батыс өңірлерде шоғырланғанын ескерсек, солтүстік-шығыс аймақтарды газдандыру үшін бізге бәрібір Ресейден тартылатын газ құбыры қажет болады, “– деп Жұмағұловтың сөзін келтіреді report.az порталы.

БҰҒАН ДЕЙІН

Ресейдің газын Қазақстан аумағы арқылы газ жеткізудің шығыны Қытайға тым қымбатқа түсуі мүмкін. Ресейдегі Қытай елшісі Чжан Ханьхуэй журналистерге берген сұхбаиында "Сібір күші – 2" газ құбыры арқылы газ жеткізу жөнінде келісімге келу әлдеқайда тиімді деп мәлімдеген еді. 

 

2024 жылы Ресей Қытайға шамамен 40 миллиард текше метр табиғи газ жеткізді. Бұл көлемнің негізгі бөлігі – 31 миллиард текше метр – «Сібір күші» газ құбыры арқылы тасымалданды. Қалғаны сұйытылған табиғи газ (СТГ) түрінде жеткізілген. «Сібір күші» газ құбырының жобалық қуаты жылына 38 миллиард текше метрге жетіп отыр. 2025 жылы бұл көлемді толық қуатта қолдану көзделген.

Ресейдің Қытайға газ жеткізуі жыл сайын артып келеді. 2020 жылы 4,1 миллиард текше метр, 2021 жылы 10,39 миллиард, 2022 жылы 15,4 миллиард, 2023 жылы 22,73 миллиард текше метр газ Қытайға жеткізілген.

Серіктес жаңалықтары