×
523.2
594.3
6.38
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
523.2
594.3
6.38

Шымкентте «лайк баспаған» қызметкерлер қудаланып жатыр

16.04.2025, 21:05
Шымкентте «лайк баспаған» қызметкерлер қудаланып жатыр
Ulysmedia коллажы

Шымкент қаласындағы “Жастар ресурстық орталығының” ішкі ахуалы мәз емес. Қызметкерлердің айтуынша, басшылық әлеуметтік желідегі белсенділікті, яғни “лайк” басу-баспауын қатаң бақылауға алып, лайк баспаған әріптестеріне қысым көрсетіп, ресми ескерту жасап жатқан көрінеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЖАС МАМАН ҚЫСЫМҒА ШЫДАЙ АЛМАЙ ҚҰЛАП ҚАЛДЫ

Кейбір қызметкерлердің жүйкесі сыр беріп, денсаулығы нашарлаған. Бүгін ғана осындай қысымға шыдай алмаған орталық қызметкерінің бірі есінен танып, жедел-жәрдем шақыруға тура келген. Алғашқы медициналық көмек көрсетілген.

Бұл туралы Азат Дидарбек фейсбук желісіне жазды.

“Шымкент қалалық “Жастар ресурстық орталығында” береке қашты. Жастар орталығы өзінің ішіндегі қызметкерлерін қудалап, лайк баспаса, қысымға алып, ескерту жасап жатқаны жайлы қызметкерлер редакциямызға шығып жатыр.Жастар орталығы қаламыздың жастар мәселесін шешеді дегенге сеніңкіремейтін едік, енді лайк басқан-баспаған қызметкерлерін тізіп, тексеріп, өздері хатта жазғандай тырнақша ішіндегі “ескерту” жасап, жұмыс жасауына кедергі келтіріп жүрсе, оңбайды..”- деп жазды.

ЖАСТАРДЫ ЕМЕС, ЖАС МАМАНДАРДЫ ҚАДАҒАЛАП ЖҮР МЕ?

"Жастар мәселесін шешеміз" деп құрылған мекеме енді "жастарды емес, жастармен жұмыс істейтіндерді" бақылауға көшкен бе деген заңды сауал туындайды.

“Бұлай жалғаса берсе, арты жақсы болмайтыны анық! Жастардың мәселесімен емес, мәселе көтерген жастармен айналысатын орталықтың басшысы қызметін асыра пайдаланып жүр ме екен?- дейді Азат Дидарбек.

Жапа шеккен орталық қызметкерлері қала басшылығынан көмек күтеді. 

Серіктес жаңалықтары