Ақтөбеде 25 жастағы мұғалім үйінде өлі табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
АҚПАРАТ РАСТАЛДЫ
Бұл ақпаратты Ақтөбе облысының полиция департаменті растады.
- Отбасы жағдайы жақсы болған. Бұған дейін суицидке бейімділікке қатысты ешқандай белгі байқалмаған, дейді полиция өкілдері.
ЖЕЛІДЕГІ АҚПАРАТ
Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, мұғалім 25 жаста болған. Музыка пәнінен сабақ берген.
Жақында облыстық байқаудың қорытындысы бойынша “Үздік мұғалім-2025” атанған.