×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

Тоқаев: Террористер Алматыны жауласа, бүкіл елді басып алар еді

10.01.2022, 13:41
Фото: Ашық дереккөзден

ҰҚШҰ отырысында президент осылай деді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Мемлекет ресурсын тауысу үшін содырлар үлкен майдан ашты. Агрессия бір уақытта 11 өңірді қамтыды. Бірақ негізгі соққы Алматыға қарсы бағытталды. Өздеріңіз білетіндей, бұл біздің ең ірі қаламыз және елдің қаржы орталығы, онда маңызды көлік және коммуникация тораптары шоғырланған. Алматының құлауы халық тығыз орналасқан оңтүстікті, содан кейін бүкіл елді басып алуға жол ашар еді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының кезектен тыс отырысында.

Президенттің айтуынша, террористер құқықтық тәртіп күшін өзіне тартып, содан кейін Қазақстан астанасына соққы беруді көздеген. Президент резиденциясының айналасында содырлар жиналған.

«Шын мәнінде, бұл біздің мемлекетке қарсы түрлі әдістермен басталған нағыз террористік соғыс болды. Бұл біздің бұрын-соңды болмаған шаралар қабылдауымызды талап етті», - деді Тоқаев.

Серіктес жаңалықтары