Сауда үйінен адамдарды не себепті эвакуациялағанын әкімшілігі түсіндірген жоқ, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Азаматтар әуелі өрт себебінен солай болып жатыр деп тұспалдаған. Бірақ өрт белгілері байқалмаған.
Отырғанбыз. Дабыл қосылды. “Назар аударыңыз, төтенше жағдай, бәріңізді сыртқа шығаруды сұраймыз. Басында ешкім мән бермеген. Содан кейін сауда үйінің күзет қызметкерлері отырған жерімізден қуып шықты, – дейді куәгерлердің бірі.
Ulysmedia.kz тілшісі қаланың төтенше жағдайлар департаментінен түсініктеме сұрады. Әзірге жауап келген жоқ.