×
521.9
593.5
6.39
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
521.9
593.5
6.39

«Лайк баспағандардың» қудалануы: оқиғаның жалғасы белгілі болды

17.04.2025, 22:10
«Лайк баспағандардың»  қудалануы: оқиғаның жалғасы белгілі болды
Ulysmedia коллажы

Шымкенттегі оқиғаның жалғасы белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

БҰҒАН ДЕЙІН

Шымкент қаласындағы “Жастар ресурстық орталығының”  қызметкерлері, басшылық әлеуметтік желідегі белсенділікті, яғни “лайк” басу-баспауын қатаң бақылауға алып, лайк баспаған әріптестеріне қысым көрсетіп, ресми ескерту жасап жатқанын жазған едік

Кейбір қызметкерлердің жүйкесі сыр беріп, денсаулығы нашарлаған. Бүгін ғана осындай қысымға шыдай алмаған орталық қызметкерінің бірі есінен танып, жедел-жәрдем шақыруға тура келген. Алғашқы медициналық көмек көрсетілген.

Бүгін өңірдің ішкі саясат басқармасы жағлайға реация білдірді. 

«Бұл – жұмыс барысында шешуге болатын ішкі жанжал. Алайда бұл мәселе әлеуметтік желілерде қоғамдық резонанс туғызу жолымен көтерілді. "е-Өтініш" платформасы арқылы ресми өтініш тек жазбалар жарияланғаннан кейінгі күні ғана келіп түсті», – деді Жұмакұлова.

ЖЕТЕКШІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕГІ ҚЫСЫМЫ ДАУҒА НЕГІЗ БОЛҒАН

Медиа ресурстық орталық басшысының бағыныштыларға әлеуметтік желілердегі белсенділіктеріне қатысты қысым көрсетуінде болған. Мұндай талап орынсыз деп танылып, орталық басшысына тәртіптік жаза қолданылды.

Сонымен қатар, Жұмакұлова әсіресе жастар, әйелдер және ерекше назарды қажет ететін мәселелер бойынша әрдайым ашық диалогқа дайын екенін атап өтті.

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ФОТОСЫН ПАЙДАЛАНУ ЖАРАМСЫЗ – МӘЛІМДЕМЕ

Мәлімдемеде сонымен бірге қала әкімінің фотосын дауға қатысы жоқ контексте қолдану айыпталды. Куратордың сөзінше, бір мекемедегі ішкі келіспеушіліктерге қала басшылығын араластыру – орынсыз әрекет. Бұл тұлғалардың аталған жағдайға ешқандай қатысы жоқ.

Серіктес жаңалықтары