×
521.9
593.5
6.39
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
521.9
593.5
6.39

«Хуторлықтар» көрші баланы атып өлтірген, содан сескендік – Шерзаттың әкесі төбелес қалай басталғанын айтты

18.04.2025, 15:34
«Хуторлықтар» көрші баланы атып өлтірген, содан сескендік – Шерзаттың әкесі төбелес қалай басталғанын айтты
скриншот

Талдықорғанда өтіп жатқан сотта Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов жауап беріп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚАРЖАУБАЙ НҰРЫМОВ НЕ ДЕЙДІ

Нұрқанат әуелі «бәрі дұрыс» деді. Равильмен амандасты. Дүкеннің алдында Равиль Нұрқанатты қолынан сүйреп алып кетті. Мен дүкенге кіріп кеттім. Үш жігіт «сыра аламыз» деді. Мен «жабамын» деп, дүкенді жабайын деп кілтті ала берген кезде соққы тиді. Ахметтің дауысы шықты. Қолыма пышақ алып, қорғану мақсатында шықтым. Неге десеңіз, «Хуторскийміз» дегенде сескендік. Ауылда өйткені бұлар бірге-бір төбелесіп шешпейтінін, қаншама бала жарақат алғанын естіген едік. «Хуторлықтар» көрші баланы атып өлтіріп кеткен. Балаларды қорғау үшін май кесетін пышақты алып шықтым. Үш жігіттің жанында қыздар тұр еді, – дейді Қаржаубай Нұрымов.

Қаржаубай есікке жақындаған кезде Шыңғыс пышақ шығарған, бірақ онысы жерге түсіп қалған. Азамат есікті тепкен кезде Қаржаубай дүкен ішіне құлаған.

Соған қарамай сыртқа итеріп шықтым. Есік алдына шыққан кезде сыра бөтелкесімен бетімнен ұрды. Есеңгіреген кезде кірпішпен жауырынымнан ұрды. Шыңғыстың пышағының ұшы жауырыныма тиді. Құлаған кезде мылтықтың дауысы шықты. Кім атты, қалай атты – көргенім жоқ. Төбелес болып кетті.  Азамат пен Шыңғыста пышақ шығарғаннан кейін жас балалар болған соң оларды өзіме тарттым. Қарасам, мамам, Шерзаттың анасы жүр екен. Нұрқанат Ахметті төбелестің арасынан шығара амай жатыр екен. Шерзат жүгіріп келіп, Нұрқияс пен Нұрболмен төблесіп кетті. Сол уақытта жасырмаймын, Абзалдың пышақ тыққанын көрмей қалдым. Абзалды көрдім, бірақ пышақ тығып алған кезін көрмей қалдым. Арғы бетте мамалар келіп қалған екен, – дейді ол.

Қаржаубай Нұрқияс Ахметті ұрып жатқанын көрген.

Мен тұра алмай жатқан кезде асфальтқа шегіндім. Қарасам, Нұрқияс, Абзал Шерзаттың анасының қолынан ұстап тұр екен. Мен шегінген кезде Шыңғыс пен Азамат Шерзатқа жүгірді. Шерзат «папа, бірдеңе тығып алды» деді. Балаларға қашыңдар дедім. Пышақ тығып алды деп ойлаған жоқпын. Біраз жерге барып отырып қалды. Нұрқанат пен Гүлбара сол жаққа жүгірді. Мен анамды тұрғызайын деп отырғыздым да, артынан бардым. «Қой» дегенге ешқайсысы қараған жоқ. Әйелім жалынып, айғайлап жатты. Баласын құшақтап ұрғызбай жатты. Сол кезде қолына соққы тиген.

Нұрқияс Шерзатты мылтықпен ұрып жатқанын көрдім. Анасының жылауына, өтінішіне қарамады. Арықтың ішінен анамды шығарам дегенше... Сөйлеп отырған бала еді. Ауырғанын айтып жатты. «Бірдеңе тығып алды, ауырып тұр» деді. Сөйтсем, жауырынан қан ағып жатыр екен. Соған қарамай Нұрқияс ұрып жатты, – дейді ол.

Мақаланың жалғасы тағы салынады.

ТАЛҒАРДАҒЫ ҚАНДЫ ОҚИҒА

2024 жылы 4 қазан күні Алматы облысында жас жігіттер жабылып, 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болатты өлтіргені дүйім жұртты дүр сілкіндірген. Бір топ жігіт жасөспірімді тепкілеп жатқанын маңайдағы тұрғындар видеоға түсіріп алған. Бұзақылар ешкімді аямапты. 12 қазанға қараған түні марқұмның отбасының үйі өртеніп кетті. Шерзаттың туыстары өртті күдікті тараптың әрекетімен байланыстырды.

Ulysmedia.kz тілшісінен көшіргенде гиперсілтеме қою міндетті!

Серіктес жаңалықтары