Ақтау тұрғыны сот арқылы жүргізуші куәлігін және адал атын қайтармақ. Оның айтуынша, полицейлер өзін жаңылыстырған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Lada.kz порталының жазуынша, былтыр жазда Нұралы Тәжіковті патрульдік полиция тоқтатқан. Жүргізушінің тіркеуі мен тұратын жері Ақтауда болғанына қарамастан, инспектор оған тексеруді Мұнайлы ауданында өтуді ұсынған. Тәжіков қарсы келмей, келісім берген. Алайда ол алкотест құрылғысының дәлдігіне сенбейтінін айтып, нақты нәтиже үшін қан тапсыруды сұраған.
Лабораториялық сараптама нәтижесінде оның қанында алкоголь анықталмаған. Соған қарамастан, полиция қызметкерлері Таджиков «алкотесттен өтуден бас тартты» деген хаттама толтырған. Ал сот оны жүргізуші куәлігінен айырған.
Мен қан тапсыруға өзім талап қойдым, қымыз ішкенімді түсіндірдім. Алайда кезекші нарколог-дәрігер «қан алатын жабдық жоқ» деп бас тартты. Мен бірнеше рет полиция қызметкерлерінен: «егер түтікке үрлеуден бас тартып, наркологияда өз еркіммен қан тапсырсам, не болады?» деп сұрадым. Бірақ олар жауап бермей, тек алкотесттен өтуді талап етті. Кейін нарколог-дәрігер маған: «Освидетельствование-ден бас тартқаныңа қол қой, кейін Ақтауда қан тапсырасың. Егер нәтиже теріс шықса, саған ештеңе болмайды» деді. Мен солай жасадым, – дейді Нұралы Тәжіков.
АДВОКАТТЫҢ ПІКІРІ
Мұнайлы аудандық соты Нұралы Тәжіковті 8 жылға жүргізуші куәлігінен айырған. Айыпталушының адвокатының пікірінше, бұл іс барысында аумақтық соттылықтың бұзылуы, себептердің ескерілмеуі, освидетельствование-ден бас тартудың салдары дұрыс түсіндірілмеуі, процесс кезінде куәгерлердің болмауы, дене камераларының жазбасы ұсынылмауы сияқты бірқатар заңбұзушылықтар жіберілген. Бұл — үкімді бұзуға негіз бола алады.
Алайда апелляциялық алқа бұл талапты қанағаттандырмады. Олар алкотест арқылы тексеруден бас тартқан фактіні негізгі дәлел ретінде қарастырып, кейінгі айғақтарға назар аудармаған. Қазір жүргізуші мен оның өкілі әділетке жоғарғы инстанциялар арқылы қол жеткізбек болып, кассациялық шағым түсіріп жатыр.