×
521.9
593.5
6.39
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
521.9
593.5
6.39

Астанадағы автобустардың бірі бағытын өзгертті

Бүгін, 09:12
Астанадағы автобустардың бірі бағытын өзгертті
ortcom.kz

Астанада №35 автобус маршрутының қозғалыс сызбасы уақытша өзгертілді. Бұл туралы "City Transportation Systems" компаниясы мәлімдеді, 

МӘН-ЖАЙ

"№35 бағдардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді", – деп хабарлады компания.

Жаңа қозғалыс сызбасына сәйкес, автобус Дулаткерей Шығайұлы көшесіндегі қозғалыс шектелген учаскені айналып өтеді. Оның орнына автобус Ақан сері және Атан батыр көшелері арқылы жүреді. Маршрут бойында уақытша автобус аялдамалары орнатылған.

Шектеулер жол учаскесінде уақытша жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты енгізілді. Тұрғындар мен жолаушылар қолайсыздықтардың алдын алу үшін жаңартылған қозғалыс сызбасымен алдын ала танысып шыққаны жөн.

Серіктес жаңалықтары