×
521.9
593.5
6.39
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
521.9
593.5
6.39

Астанадағы жаппай улану: қаладағы танымал кафе жұмысын уақытша тоқтатты

Бүгін, 16:28
Астанадағы жаппай улану: қаладағы танымал кафе жұмысын уақытша тоқтатты
Ашық дереккөзден

Астанадағы танымал "Көктем" кафесі келушілердің жаппай улануынан кейін уақытша жабылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ

Бұл туралы мекеме әкімшілігі хабарлады. Хабарламада "Көктем" кафесі зардап шеккендердің тапсырыстарының құнын және емдеу шығындарын толық өтейтінін атап өткен.

ДӘЙЕКСӨЗ

– Біз мекеменің жұмысын уақытша тоқтату және санитарлық күндер жариялау туралы шешім қабылдадық. Бұл барлық қажетті тексерулерді мұқият өткізіп, әрбір процестің және әрбір ингредиенттің толық қауіпсіз екеніне көз жеткізу үшін қажет.

Бастапқы сәттен бастап, қазіргі кезде және алдағы уақытта да біз санитарлық органдармен тығыз жұмыс істеп келеміз: барлық қажетті сараптамаларды тапсырдық, СЭС пен тәуелсіз сарапшыларды шақырдық, – делінген хабарламада.

АСТАНАДАҒЫ УЛАНУ ОҚИҒАСЫ

Еске салайық, осы аптада астаналықтар Астанадағы танымал "Көктем" кафесінде уланған еді. Зардап шеккендер саны 20 адамға жетті, оның ішінде 11-і – бала. Ішек инфекциясынан топтық улану тіркелді. Қалалық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

Серіктес жаңалықтары