Астанада Желтоқсан мен Кенесары көшелерінің қиылысы жартылай жабылады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Астананың көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарына Желтоқсан мен Кенесары көшелерінің қиылысында жол төсеміне жөндеу жүргізетінін хабарлады.
Осыған байланысты, 19 сәуір күні сағат 19:00-ден бастап 21 сәуір күні сағат 07:00-ге дейін көрсетілген қиылыста қозғалыс жартылай жабылады.
– Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз, – делінген хабарламада.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады.
Еске салайық, бұған дейін Астанадағы автобустардың бірі жолды жөндеу жұмыстарына байланысты бағытын өзгерткенін хабарлаған едік.