"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 21 сәуірде елдің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, облыстың таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні секундына 25 метрге дейін жетеді. Түнде облыстың оңтүстігінде топырақ бетінде 1 градус үсік сақталады.
Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Алматы облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, орталығында екпіні – 15-20 м/с. Түнде облыстың шығысында, тау етегіндегі аудандарында топырақ бетінде 1-3 градус үсік болады.
Жетісу облысының таулы аудандарында түнде және таңертең тұман. Түнде облыстың солтүстігі мен орталығында 1-3 градус үсік.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, түнде облыстың солтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 25 метрге дейін жетеді.
Абай облысының солтүстігінде, орталығында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 23-28 м/с болады.
Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде екпіні – 15-20 м/с.
Атырау облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні – 15-20 м/с.
Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың таулы аудандарында күші секундына 15-20 метрге жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде жаңбыр жауады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында найзағай ойнайды. Солтүстіктен жел соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Маңғыстау облысының батысында, орталығында шаңды дауыл, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, орталығында екпіні кей уақыттарда 23 м/с-ке жетеді.
Астанада күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.
Қызылорда облысында жел шығыстан, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде күші – 15-20 м/с.