Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді тағайындады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
КІМ ҚЫЗМЕТІНЕН КЕТТІ
Президенттің жарлығымен Ғабит Қойшыбаев Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды.
ТАҒАЙЫНДАЛҒАНДАР
Президенттің жарлықтарымен:
Алмас Сейтақынов Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;
Сергей Викторов Қазақстан Республикасының Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;
Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі Олжас Мұхамедғалымұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасының Дания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды.