×
521.9
593.5
6.39
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
521.9
593.5
6.39

Руслан Берденовті атып кетті: жағдайы қалай

Бүгін, 22:30
Руслан Берденовті атып кетті: жағдайы қалай
Ашық дереккөзден

Шымкент қаласы әкімнің орынбасары Руслан Берденовті атып кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Инсайдер Ербол Еділов таратқан мәлімет бойынша, Шымкент қаласының тұрғыны, 1994 жылы туған  «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС-де маман болып жұмыс істейтін азамат, әкімдік ғимаратының жанында қызметтесі — Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Берденов Руслан Арысбекұлына оқ атқан.

Куәгерлердің айтуынша Сайга-12 маркалы аңшы мылтығынан үш рет оқ атылған. Оқ Берденовтың төменгі аяқ-қол тұсына тиген.

ӘЙЕЛІН ҚОРҒАҒЫСЫ КЕЛГЕНІ РАС ПА?

Күдіктінің айтуынша, Руслан Берденов оның 1995 жылғы жұбайын мазалап, орынсыз әрекеттер жасаған. Әйелі қазір жұмыссыз.

ЖАРАҚАТ АЛҒАН ШЕНЕУНІК АУРУХАНАҒА ЖАТҚЫЗЫЛДЫ

Руслан Арысбекұлы Берденов оқ тиген жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің алдын ала диагнозы – оң жамбас және иық тұсынан алған оқ жарақаты.

Құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтауда. Тергеу амалдары басталды.

БЕРДЕНОВ ТУРАЛЫ

Руслан Берденов Шымкент қаласының тумасы. Білімі жоғары, 2006 жылы менеджмент мамандығы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. 2009 жылы КИМЭП Университетін Іскерлік басқару магистрі (MBA) дәрежесімен бітірді.

ЕҢБЕК ЖОЛЫ

Еңбек жолын 2005 жылы "Алматы құс" ААҚ ("Сеймар" тобы) компаниясының бөлшек сауда директоры қызметінен бастады.

2007 жылғы ақпан-2010 жылғы шілде-Procter & Gamble компаниясының бас логистикалық үйлестірушісі.

2010 жылғы шілде-2012 жылғы қараша – "Eastcomtrans" ЖШС жылжымалы құрамды жалдау бөлімінің бастығы.

2012 жылғы қараша-2018 жылғы мамыр – "Ақ ниет" ЖШС Бас директоры.

2018 жылғы қараша-2019 жылғы сәуір – "Ақ ниет" ЖШС Байқау кеңесінің мүшесі.

2019 жылғы сәуір-2023 жылғы наурыз-Aq niet Group Байқау кеңесі төрағасының орынбасары.

2023 жылғы 29 наурыздан бастап – "Respublica" партиясының партиялық тізімі бойынша VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі. 2023 жылғы наурыздан бастап VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты "Respublica" партиясының партиялық тізімі бойынша сайланды.

Серіктес жаңалықтары