"Азаттық радиосы" марафонда қайтыс болғандардың кім екенін жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
84 жастағы Аққоян Рсалиев Алматыдағы марафон кезінде қайтыс болған. Зейнеткер бір шақырым жүгірген соң жығылған. Диагноз өкпе эмболиясы. Ол Алматыдағы марафонға Қызылордадан келген. Оның марафонға қатысып жүргеніне 10 жылдан асқан.
“Көбі қайтыс болып кетті жүректен. Мен ойлаймын алланың себебі шығар. Біреуге ерте, біреуге кеш. Адам баласы денсаулық сақтау үшін спортпен шұғылданса пайдалы деймін өзімнің ойымша”- деп 2018 жылы сұхбат берген.
Алматы марафонында 21 жастағы Нұрбол Ахмәди де қайтыс болған.
Марафон ұйымдастырушылар қайтыс болғандардың жақындарына қаржылай көмек көрсетпек.
МАРАФОНДАҒЫ ҚАЙҒЫЛЫ ЖАҒДАЙ
Еске салайық, 20 сәуірде Алматы жартылай марафонының екі қатысушысы қаза тапқаны белгілі болды. Қарт адам кенеттен ауырып, жас жігіт есінен танып қалған. Жедел жәрдем келгенше екеуі де көз жұмды.
Қазақстан ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Алматыда марафон кезіндегі екі адамның өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалмағанын айтты.
Қазақстандық танымал қоғам белсендісі әрі блогер Ғалым Байтук Алматыдағы марафондардың өткізілуін сынға алды.