×
487.02
552.23
6.51
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
487.02
552.23
6.51

Сәбимен жұмысқа шыққан курьер әйелдің отбасы Шымкентке көшіп кетті

Бүгін, 14:03
Сәбимен жұмысқа шыққан курьер әйелдің отбасы Шымкентке көшіп кетті
әлеуметтік желіден

Қолында емізулі сәбиі бар курьер әйелдің отбасы Алматыдан Шымкентке көшіп кеткен. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ербол Туяқбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Вице-министр курьер әйелдің Алматыдан Шымкентке қоныс аудару себебін білмейтінін айтты.

“Нақты себебін білмеймін. Өздері іштей солай шешкен шығар немесе ата-аналары шақырып алған болуы мұмкін. Біз оны сұраған жоқпыз. Кеше ғана Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан отбасының көшіп кеткенін білдік. Біз әрдайым жұмыс ұсынуға дайынбыз. Алматыда болған кезінде де жұмыспен қамту орталықтарына хабарласып, жұмыс тауып беруге өтінім беруге болатынын түсіндірген едік”, – деді шенеунік.

Айта кетейік, бұған дейін қолында емізулі сәбиі бар курьер әйелдің суреті әлеуметтік желілерде кең тарап, қызу талқылауға себеп болды. Пайдаланушылар баласын жұмысқа алып шыққан әйелге алаңдаушылық білдіріп, отбасыға қаражат жинауды ұйымдастыруды ұсынды.

– Көшеде ыстық, бала күн астында жүр. Анасы баласы үшін бәріне дайын. Мүмкін, отбасыға көмектесу үшін қаражат жинауды ұйымдастырған дұрыс болар, – деп жазды желі қолданушылары.

Бұған дейін журналистер Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегайдан декреттік демалыста жүрген әйелдің қосымша жұмыс істеуге мәжбүр болуы қаншалықты дұрыс екенін сұрады. Алайда шенеунік нақты жағдайға баға беруден бас тартты.

– Біріншіден, бұл фотосурет қай жерде түсірілгенін және қай қалаға қатысты екенін білмеймін. Екіншіден, декреттік демалыстағы ананың не істеуі керек деген мәселе – бұл отбасылық бюджет пен отбасы ішіндегі қарым-қатынас мәселесі деп ойлаймын. Сондықтан бұл туралы менің тарапымнан пікір білдіру дұрыс болмас еді, – деді Шегай.

Контекст

Қазақстанда декреттік төлемдер мәселесі барған сайын өзекті болып барады. 2023 жылдан бастап 1,5 жасқа дейінгі баласы бар жұмыс істейтін әйелдер декреттік төлемдерден өз еркімен бас тартуы тиіс. Әйтпесе, мемлекет бұрын төленген қаражатты «кері қайтаруды» талап етуі мүмкін. Қазір бұл сома 3,8 млрд теңгені құрайтыны есептелген.