×
521.53
601.01
6.43
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
521.53
601.01
6.43

Қырындау ма, тапсырыс па әлде өшіккен бе: Берденовті атқанның артында кімдер тұр

Бүгін, 08:30
Қырындау ма, тапсырыс па әлде өшіккен бе: Берденовті атқанның артында кімдер тұр
Forbes

21 сәуір күні кешқұрым Шымкент қаласы әкімдігі ғимаратының маңында қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасалды. Ulysmedia.kz редакциясы экс-депутатқа жасалған шабуылға қатысты қазірге дейін белгілі деректерді шолып шықты.

Оқиға 21 сәуір күні сағат 20:30 шамасында болды. Руслан Берденовтің оң жақ жамбасы мен иығына оқ тиіп, жедел түрде ауруханаға жеткізілген. Оған ота жасалып, өміріне қауіп жоқ деп бағаланды. Оқ атқан адам оқиға орнында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Шымкент қаласының полициясы қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлайды.

Бейресми ақпаратқа сүйенсек, оқ атқан адам 1994 жылы туған. Алдын ала деректер бойынша, ол Шымкент қаласы әкімдігіне қарасты «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС-інде жұмыс істейді.

Әлеуметтік желілерде шабуылдың себептеріне бпйланысты расталмаған түрлі нұсқа таралды. Бір нұсқа бойынша Берденов ұсталған адамның әйеліне қырындаған-мыс. Бірақ Шымкент әкімдігі бұл нұсқаны жоққа шығарды.

Медиа және әлеуметтік желілерде қалалық әкімнің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандықтың себебі оның шабуылдаушының әйеліне қырындағаны деген ақпарат. Біз бұл мәліметтің жалған екенін хабарлаймыз, — деп мәлімдеді Шымкент әкімдігі.

«Чемодан Госсекретов» Telegram-каналы өз дереккөздеріне сілтеме жасап, қазір негізгі нұсқаның жеке бас араздығы екенін хабарлады. Бизнестен немесе тапсырыспен жасалған шабуыл жайлы нұсқаларды ол дереккөз растамайды.

Алайда танымал блогер Бейбит Әлібеков шабуыл Берденовтің Шымкенттегі құрылыс саласындағы қызметімен байланысты болуы мүмкін деп пайымдады.

Менің ойымша, бұл Шымкенттегі құрылыс саласында тәртіп орнатумен байланысты болуы мүмкін, букмекерлердің қатысы бар деп ойламаймын. Бүгін ғана осы тақырыпта қатал мәжіліс өтті. Маған Русланды бопсалағандардың болғаны жайлы хабарланды, — деп жазды Әлібеков.

Қазір Руслан Берденовтің жағдайы тұрақты түрде ауыр деп бағаланады.

Берденов Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметіне 2025 жылғы ақпан айында, Мәжілістегі мандатынан бас тартқан соң тағайындалды.

Ақпан айында Берденов Ulysmedia.kz порталына берген сұхбатында мандатынан бас тарту себебін жасырмай айтып берген болатын.

Серіктес жаңалықтары