Шымкенттің денсаулық сақтау басқармасы басшынысының орынбасары Бақытжан Абдуллаев әкімнің орынбасары Руслан Берденовтің жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
- Шымкент қаласы әкімінің орынбасары оқ жарақатымен ауруханаға жеткізіліп, шұғыл ота жасалды. Ота кезінде қан тоқтатылып, алған жарақатынан келген зақымдар қалпына келтірілді. Қазіргі таңда өміріне қауіп жоқ. Жалпы жағдайы ауыр. Динамикада қалыпты. Қазіргі уақытта толық медициналық көмекті алып жатыр, дейді Абдуллаев.
БҰҒАН ДЕЙІН
Оқиға 21 сәуір күні сағат 20:30 шамасында болды. Руслан Берденовтің оң жақ жамбасы мен иығына оқ тиіп, жедел түрде ауруханаға жеткізілген. Оған ота жасалып, өміріне қауіп жоқ деп бағаланды.
Оқ атқан адам оқиға орнында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Шымкент қаласының полициясы қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлайды.
Инсайдер Ербол Еділов таратқан мәлімет бойынша, Шымкент қаласының тұрғыны, 1994 жылы туған «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС-де маман болып жұмыс істейтін азамат, әкімдік ғимаратының жанында қызметтесі — Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Берденов Руслан Арысбекұлына оқ атқан.
ӘЙЕЛІН ҚОРҒАҒЫСЫ КЕЛГЕНІ РАС ПА?
Күдіктінің айтуынша, Руслан Берденов оның 1995 жылғы жұбайын мазалап, орынсыз әрекеттер жасаған. Әйелі қазір жұмыссыз.