Алматыда NEF Qazaqstan құрылыс компаниясының басшысы Оскай Тарыкқа іздеу жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Қазақстан Ішкі істер министрлігі NEF Qazaqstan компаниясының басшысы Тарык Волкан Оскайдың іздеуде екенін хабарлады. Қылмыстық іс 2024 жылғы 18 сәуірде Алматы қаласында тіркелген.
Тарык Волкан Оскай — NEF Qazaqstan құрылыс компаниясының бас директоры. Бұл компания тұрғын үй және коммерциялық нысандар салумен айналысады.
2022 жылы Astana International Exchange (AIX) алаңы NEF Qazaqstan компаниясының 6 млрд теңге көлемінде алғашқы облигацияларын орналастырғанын мәлімдеген болатын. Алайда 2023 жылы компания бірінші рет AIX-та дефолтқа жол берді — компания 4 млрд теңгеден астам негізгі қарызды және 402 млн теңге көлеміндегі купондық төлемді өтей алмаған.