×
506.21
568.42
6.3
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
506.21
568.42
6.3

Балаева Дженнифер Лопестің концертіне балаларымен баратынын айтты

Балаева Дженнифер Лопестің концертіне балаларымен баратынын айтты
Ulysmedia.kz коллажы

Аида Балаева әлемдік жұлдыз Дженнифер Лопестің концертіне баратынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МИНИСТР НЕ ДЕЙДІ

Министр әлемдік жұлдыздардың елге келуі Қазақстанның танымалдығын арттыра түсетінін айтады. 

- Біріншіден, әркімнің талғамы әртүрлі. Коммерциялық ұйымдардың осындай концерттерді ұйымдастырумен айналысатыны қатты қуантады. Бұл, сөзсіз, Қазақстанның шетелде танымал болуына әсер етеді. Себебі бұл әртістердің шетелде жанкүйерлері өте көп. Мұны сүйікті Димаш Құдайбергеновіміздің концерттері де дәлелдеп отыр. Министр ретінде бизнес өкілдерінің осы бағытта жұмыс істеуі мені қуантады. Екіншіден, Дженнифер Лопестің концертіне барғым келеді. Оның талантын бүкіл әлем мойындаған. Концертін өз көзіммен тамашалағым келеді. Билет сатып алдым, балаларыммен бірге концертке бармақпын, дейді Балаева.

ӘНШІНІҢ КОНЦЕРТІ

Америкалық поп-дива Дженнифер Лопес Қазақстанды өзінің әлемдік Up All Night турнесіне қосқан.

Концерт 2025 жылдың 1 тамызында Astana Arena стадионында өтеді. Бұл – Лопестің Қазақстандағы алғашқы өнер көрсетуі.

Тур әлемнің 15-ке жуық қаласын қамтиды, олардың арасында Анталья, Ыстамбұл, Мадрид, Барселона, Будапешт және Варшава бар. Қазақстан – Орталық Азиядағы осы гастрольдік сапарға қосылған аз ғана елдің бірі, бұл шара жергілікті жанкүйерлер үшін ерекше мәнге ие.

Шамамен 15 мың шетелдік турист концертке келмек. Ал экономикалық әсері 6,5 миллиард теңгеге дейін жетуі мүмкін

Серіктес жаңалықтары