×
518.34
591.06
6.27
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
518.34
591.06
6.27

Берденовке жасалған шабуылдан кейін қалада 1500 жаңа камера орнатылмақ

Берденовке жасалған шабуылдан кейін қалада 1500 жаңа камера орнатылмақ
Ulysmedia.kz коллажы

Шымкент әкімдігі Руслан Берденовке жасалған шабуылға қатысты алғаш рет пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сарсен Құранбек Берденовке жасалған шабуылдан кейін қалада қауіпсіздік шаралары күшейтілетінін мәлімдеді. Бұл туралы ол БАҚ өкілдеріне арналған брифингте айтты.

КАМЕРАЛАР

Сарсен Құранбектің айтуынша, қала аумағында қосымша 1500 бейнебақылау камерасы орнату жоспарланып отыр. Бұл — қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және осындай оқиғалардың алдын алу мақсатында қолға алынған шара.

– Қазір шабуылдың себебі туралы түрлі қауесет тарап жатыр. Алайда біз олардың ешқайсысын растай алмаймыз. Бұл мәселеге соңғы нүктені тергеу қояды. Мүмкін шабуылдаушының психикалық жағдайы дұрыс болмаған, мүмкін психотропты заттардың әсерінде болған — біз нақты айта алмаймыз, – деді қала әкімінің орынбасары.

БҰҒАН ДЕЙІН

Оқиға 21 сәуір күні сағат 20:30 шамасында болды. Руслан Берденовтің оң жақ жамбасы мен иығына оқ тиіп, жедел түрде ауруханаға жеткізілген. Оған ота жасалып, өміріне қауіп жоқ деп бағаланды.

Оқ атқан адам оқиға орнында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Шымкент қаласының полициясы қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлайды.

Инсайдер Ербол Еділов таратқан мәлімет бойынша, Шымкент қаласының тұрғыны, 1994 жылы туған  «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС-де маман болып жұмыс істейтін азамат, әкімдік ғимаратының жанында қызметтесі — Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Берденов Руслан Арысбекұлына оқ атқан.

ӘЙЕЛІН ҚОРҒАҒЫСЫ КЕЛГЕНІ РАС ПА?

Күдіктінің айтуынша, Руслан Берденов оның 1995 жылғы жұбайын мазалап, орынсыз әрекеттер жасаған. Әйелі қазір жұмыссыз.

Ақпан айында Берденов Ulysmedia.kz порталына берген сұхбатында мандатынан бас тарту себебін жасырмай айтып берген болатын.

Серіктес жаңалықтары