×
518.07
595.21
6.37
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
518.07
595.21
6.37

Алматыда такси жүргізушісін ұрған ер адам ұсталды

Бүгін, 19:25
Алматыда такси жүргізушісін ұрған ер адам ұсталды
Видеодан скриншот

Алматыда такси жүргізушісін ұрған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, ұрып-соғу фактісі бойынша полиция Алматы қаласының полициясы прокуратурамен бірлесіп, жедел-іздестіру іс-шараларының кешенін жүргізді.

Қаланың 19 жастағы тұрғынына қатысты заңсыз әрекеттер жасады деген күдікпен 32 жастағы ер адам анықталып, ұсталды. Күдікті полицияға жеткізілді. Онда қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Ол өз кінәсін мойындады. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жалғасып жатыр, – деп хабарлайды полиция.

Алматы полициясы заң бұзушылықтың әрбір фактісіне қатаң құқықтық баға берілетінін атап өтеді.

БҰҒАН ДЕЙІН

Алматылық тұрғын көлігінде темекі шегуге рұқсат бермеген жүргізушіні ұрып жібергенін хабарлаған едік. 

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Яндекс.Таксидің тарифтеріне мониторинг жүргізіліп жатқанын мәлімдеген еді. 

Агенттік төрағасының орынбасары Болат Самбетов қазіргі уақытта Қазақстанның ірі қалаларында такси нарығының шамамен 90%-ы Яндекске тиесілі екенін айтты.

Таксисттердің бәрі жаңа ұйымға бірігіп, міндетті жарна төлеуіне қатысты жаңа ереже мәжілістің мұрағатында қалған. Бұл туралы депутат Нартай Сәрсенғалиев айтқан. 

Бұған дейін үкімет басшысының орынбасары Роман Склярдың депутаттарға берген жауабына сәйкес, жаңа заң жобасы шеңберінде өзін-өзін реттейтін ұйымдар (ӨӨРҰ) құрылатынын айтқан болатын. Скляр жауабында жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдауға еркін (шарттық) тарифтер белгіленетінін атап өткен.

Серіктес жаңалықтары