×
518.34
591.06
6.27
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
518.34
591.06
6.27

Олигархтардан тәркіленген қымбат бұйымдар сатылды

Олигархтардан тәркіленген қымбат бұйымдар сатылды
Ulysmedia.kz коллажы

«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» олигархтардан тәркіленген жүздеген миллионның бұйымдары сатылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

САУДА

23 сәуірде E-Qazyna электрондық платформасында қайтарылған активтер – «CARTIER LOVE» білезігі мен сақинасы, зүмірет тасы бар сырғалар, аквамарин тасы бар сақина, гауһар тасы бар алтын сақина және гауһар мен інжу тастарымен безендірілген сырғалар бойынша аукцион нысанында сауда-саттық өтті. Сатылған активтердің жалпы сомасы 5 425 246 теңге болды.

- Зергерлік бұйымдарды сату азаматтардың әлеуметтік бастамаларды дамытуға саналы түрде қатысуының жарқын үлгісіне айналды. Аукцион арқылы активтерді сатып алу арқылы әрбір қатысушы елдің болашағына өз үлесін қосады – себебі түскен қаражат Арнайы мемлекеттік қорға аударылып, маңызды қоғамдық жобаларды қолдауға жұмсалады, дейді компания өкілдері. 

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін олигархтардан тәркіленген жүздеген миллионның бұйымдары аукционда өтпей қалғанын хабарлаған едік. 

4 наурызда аукционға «YEPREM» гауһар тасты ақ алтын сақина шыққан болатын. Құны: 14,7 млн ​​теңге. Ақ алтыннан жасалған Frank Muller моншағының құны 7,5 миллион теңге болған. 

Моншақ жалпы 230 таспен көмкерілген. Әшекей де салмағы 4,6 карат ақ гауһар тастармен көмкерілген.

Серіктес жаңалықтары